«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС — Астана қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және елорданың туристік әлеуетін дамыту, туристік ағынды арттыру, қаланың туристік инфрақұрылымын жетілдіру, сондай-ақ қаланы халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында қызмет атқарады.
Astana Tourism медициналық туризмді елорданың туристік саласындағы басым бағыттардың бірі ретінде дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Астанадағы медициналық туризм шетелдік пациенттерді тартумен ғана шектелмей, денсаулық сақтау, сервис және қонақжайлылықты біріктіретін кешенді бағыт ретінде қарастырылады.
Елорданың дамыған медициналық инфрақұрылымы, заманауи клиникалары, жоғары білікті мамандары, сондай-ақ диагностика, емдеу және оңалту жүргізу үшін бәсекеге қабілетті жағдайлары бар.
Медициналық туризмді дамыту аясында Astana Tourism келесі негізгі қызмет бағыттарын жүзеге асырады:
- Елорданың медициналық ұйымдарымен, соның ішінде ұлттық ғылыми орталықтармен, көпсалалы клиникалармен және жеке медициналық мекемелермен өзара іс-қимылды үйлестіру;
- Елорданың медициналық әлеуетін халықаралық және өңірлік нарықтарда ілгерілету, Астананы сенімді әрі заманауи медициналық дестинация ретінде қалыптастыру;
- Диагностика, емдеу және оңалтудан өту үшін ТМД елдері, Орталық Азия және алыс шетелдерден шетелдік пациенттерді тартуға жәрдемдесу;
- Медициналық туристерге көрсетілетін сервистің сапасын арттыру, оның ішінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
- Медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту және үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталған халықаралық көрмелерге, форумдарға және іскерлік іс-шараларға қатысу.
«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС
Мекенжай
Қазақстан, Астана қ., Мамбетова көшесі, 24, «Аффари» БО


