
«UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы – ісіктерімен күресу үшін сәулелік терапияның ең тиімді түрін қолданатын Қазақстандағы онкологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы медициналық орталық.
Орталық еуропалық онкологиялық ауруларды емдеудегі ең жақсы клиникалардан үлгі алады. Аурудың барлық кезеңдерінде одан әрі тиімді кешенді ем жүргізе отырып, заманауи диагностика және қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады.



Біздің орталықтың негізгі мақсаты – радиациялық терапия саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, өлім-жітім, мүгедектік, жанама әсерлерді азайту, әлемде онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатта орталықта Accuray (АҚШ) шығарған инновациялық TomoTherapy HD сәулелік терапия құрылғылары орнатылды..
Емдеуді таңдауда біздің мамандарды басшылыққа алатын қағидаттар - жоғары дәлдікпен диагноз қою, тиімді емдеу және толық өмірге тез оралу.
TomoTherapy HD жүйесі қатерлі ісікке қарсы күресте ең сенімді әдіс болып табылады. Бұл жүйе ісікке кез келген бұрышта сәулелену дозасын енгізуге, сәулеленудің қарқындылығын реттеуге, сонымен қатар ісікке жақын жатқан тіндер мен мүшелерді сәулеленуден барынша қорғауға мүмкіндік беретін бұл жүйе біздің орталықта қолданылады.


- Ми ісіктері
- сүт безінің қатерлі ісігі
- өкпе ісігі
- бас және мойын ісіктері
- омыртқа ісіктері
- қуық асты безінің қатерлі ісігі
- жатыр мойны ісігі, өңеш ісігі
- лимфомалар
- тік ішек ісігі
- сүйек кемігін трансплантациялауға дайындық кезіндегі толық сәулелену
- мезотелиома