Ұлттық ғылыми медициналық орталық
Клиника туралы

«Ұлттық кардиохирургия орталығы» клиникада дің жасушаларын қолдануға рұқсат алған Орталық Азиядағы жалғыз Орталық болып табылады.
Орталықта криобанкпен дің жасушаларын трансплантациялауға арналған қазақстандық-американдық зертхана ашылды. 2012 жылдан бері орталықта ағзалар мен жасушаларды трансплантациялау операциялары жүргізіледі, FDA шешімімен біздің орталық халықаралық зерттеулер үшін қауіпсіз клиникалар базасына енгізілді. 2010 жылдың маусым айында орталық EFQM үлгісінің «Танылған үздік» – 4 жұлдызды деңгейіне, ал 2012 жылдың қарашасында – «Танылған үздіктер» – 5 жұлдызды деңгейіне сертификатталды.

«Ұлттық кардиохирургия орталығы» – көпсалалы орталық, Еуропадағы «Еуропаның медицина саласындағы ең үздік кәсіпорны» дипломымен Еуропадағы үлгілі клиникалардың ондығына енген, Еуро-Азия респираторлық қоғамының штаб-пәтері. «Ұлттық кардиохирургия орталығы» NASA американдық аэроғарыштық барлау агенттігімен ынтымақтасады. «Ұлттық кардиохирургия орталығы» клиникасы Еуропалық сапа менеджменті ұйымының (EFQM) «Танылған тамаша» деңгейінің жетекші сертификатталған орталығы болып табылады.
Орталық Қазақстандағы денсаулық сақтау мен медицина ғылымының ең өзекті бағыттарын дамытады: жасушалық технологиялар, кардиология, кардиохирургия және аритмология, респираторлық медицина, ішкі аурулар мен хирургия клиникасының күрделі мәселелерін шешеді.
Дәрігерлер
Альбазаров Адильжан Бауржанович
кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі.
Медицина ғылымдарының кандидаты.
Толығырақ
Аскаров Манарбек Бапович
Жасуша технологиялары және трансплантация орталығының басшысы.
Толығырақ
Кабаев Улан Темиржанович
Аритмология бөлімінің меңгерушісі
Толығырақ