Қаз
Лого VisitAstana
ҰҒОО Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын онкоуролог дәрігерлердің тегін консультациясына шақырады
21.06.2024
2024 жыл 22 маусымда Ұлттық онкологиялық ғылыми орталықта (ҰБОО) бүйрек және зәр шығару жолдарының патологиясын ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының патологиясын ерте анықтау бойынша дәрігерлердің тегін консультациясы Астана қаласы, Керей және Жәнібек хан көшесі, 3 мекенжайы бойынша өтеді.
Қабылдау күні мен уақыты: 2024 жыл 22 маусым, сағат 9.00 - ден 13.00-ге дейін.
ҰҒОО Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын онкоуролог дәрігерлердің тегін консультациясына шақырады: М. Н. Асықбаев, Ш. Б. Мұғалбеков және Ж. Т. Кубеев.    
Сапалы кеңес алу үшін алдымен онкологиялық дәрігерлерге жазылу қажет
Сall-орталықтың телефоны: 8-7172-702-911, 8-7172-702-900
Қабылдау уақытына кешікпей келіңіз.
!!! Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда) !!!
Әлемде жыл сайын бүйрек жасушалы карциномасының (ПКР) 400 мың жаңа жағдайы анықталады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын бүйрек қатерлі ісігінің 1500-ден астам жағдайы анықталады. Сонымен қатар, бүйрек қатерлі ісігінен 350-ден астам адам қайтыс болады.
Бүйрек қатерлі ісігінен басқа, зәр шығару жолдарының эпителийінен пайда болатын ісік бар. Бүйрек саркомасы сирек кездеседі. Бұл онкологиялық науқастардың шамамен 1-2 пайызында кездеседі.
2024 жыл 22 маусымда Дүниежүзілік бүйрек қатерлі ісігімен күресу күні аясында ісік алдындағы аурулардың және бүйрек пен зәр шығару жолдарының қатерлі ісігінің ерте түрлерінің алдын алу және ерте анықтау мақсатында Ашық есік күні өтеді.
Риска️ қауіп факторларын ерте анықтау және уақтылы емдеу онкологиялық аурулардың даму ықтималдығын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.