2025 жылғы 17 шілдеде «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС астаналық туроператорлармен медициналық туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында туроператорлар мен медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктері, бірлескен медициналық check-up пакеттерін әзірлеу, сондай-ақ туризм операторлары мен медициналық агенттіктердің қызметтерін медициналық туризм саласында ілгерілету мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Астана қаласының жетекші медициналық ұйымдарына ақпараттық тур өткізу туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты — қаланың медициналық әлеуетін таныстыру, туристік қызметтер мен бағыттардың аясын кеңейту, сондай-ақ болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін медициналық ұйым өкілдерімен кездесу ұйымдастыру болып табылады.