АСТАНА JÜREGIMNIÑ JENIMPAZY ЖҮГІРУІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА.
БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА АШЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР БАСТАЛДЫ
Әр жұма және сенбі күндері елорданың Ботаникалық бағында «Дар» ескерткіші маңында Jüregimniñ Jenimpazy жүгіруіне арналған тегін жаттығулар өткізіледі. Бұл трансплантацияға кезекте тұрған науқастарды қолдауға арналған жыл сайынғы ауқымды шара. Дайындыққа дене шынықтыру деңгейіне қарамастан кез келген адам қатыса алады.
Алғашқы жаттығуды ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин өткізді. Қатысушылардың арасында спорттағы жолын жаңа бастап жүргендер де, өткен жылғы жүгірулерге қатысқан тәжірибелі спортшылар да болды. Олардың қатарында бүйрек трансплантациясын алған Анар Шаймергенова мен екі жылға жетпей бауыр трансплантациясын сәтті өткерген Андрей Шелестюк бар. Олар 2024 жылы Jüregimniñ Jenimpazy жүгіруіне қатысқан және биыл 1 және 10 шақырымдық қашықтықтарды қайтадан бағындыруды жоспарлап отыр.
«Heart Center Foundation» Қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыров атап өткендей, жаттығулардың мақсаты тек қатысушылардың спорттық дайындығы ғана емес, сонымен қатар маңызды ортақ мақсатқа біріктірілген қауымдастық қалыптастыру. Әңгіме бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе трансплантациясын күтуде тұрған 4 мың қазақстандықты, оның ішінде 96 баланы қолдау туралы болып отыр.
Айта кетерлігі, жаттығулар жүрек донорлары мен олардың отбасыларына деген мәңгілік ризашылық пен алғысты білдіретін «Дар» инсталляциясының жанында өтеді. Осы қиын, бірақ ерік-жігерге толы шешімнің арқасында бүгінде 103 жүрек соғып тұр. 2012 жылдан бері дәл сонша жүрек трансплантациясы қайтыс болған донорлардан жасалған. Бұл трансплантологияның Қазақстанда гуманизм, кәсібилік және донорларға құрмет қағидаттарына негізделе отырып тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.
«Жаттығуларды дәл осы инсталляцияның жанында өткізуіміз кездейсоқ емес. Бұл біздің миссиямыз бен жыл сайынғы жүгірулердің мақсатын еске салу. Қатысушылар не үшін жүгіріп келе жатқанын түсінуі керек – құтқарылғандар үшін және әлі де құтқарылуы мүмкіндер үшін. Әр жаттығуымыздың артында адамдардың өмірі тұр, бұл біздің жүгіруімізді ерекше етеді», - деді Мұрат Зауыров.
Жаттығулар әр жұма күні сағат 06:30-да және сенбі күні 08:30-да өтеді. Таң 10 минуттық қыздыру мен жеңіл жүгіруден басталады – жүрек бұлшықетін және денені жүктемеге дайындау үшін. Одан кейін мақсатты бұлшықет топтарын белсендіру және қыздыру, буындарды нығайту, жарақат алу қаупін азайту үшін арнайы жүгіру және күш жаттығулары қосылады. Соңында 10 минуттық қалпына келтіру жаттығулары мен аздаған созылу жасалады. Бұдан кейін қатысушылар бірге белгіленген қашықтықты жүгіріп өтеді.
«Мұндай дайындық жаттығуларын әр жүгірудің алдында өткізу маңызды. Бұл қатысушылардың физикалық дайындығын арттырып, жарақаттанудан сақтайды. Әсіресе, бұл жаңадан бастағандарға қатысты. Жылдам нәтиже көрсетуге ұмтылудың қажеті жоқ. Жүктемені біртіндеп және жүйелі түрде арттырған жөн, шаршау мен күйзеліске жол бермеу үшін. Техникаға және өз жағдайыңызға назар аудару маңызды. Жаттығулар тұрақты болуы керек, бірақ шамадан тыс жүктемесіз. Ыстықта немесе қатты аязда жүгіруден аулақ болыңыз, қызып кетпеу немесе тоңып қалмау үшін. Жүгіру – бұл жарыс емес. Ол саналы болып, қуаныш әкелуі тиіс», — деп атап өтті кәсіби жаттықтырушы Павел Тенцер.
Оның айтуынша, жүгірулер бүгінде қаланың спорттық өмірінде ерекше орын алады. Бірақ Jüregimniñ Jenimpazy өзгелерінен ерекшеленеді. Онда көшбасшылар жоқ, старт нөмірлері жоқ, жарыстық әсер жоқ, бірақ қоғамның назарын трансплантология мәселелеріне аударып, Күту парағындағы адамдарды қолдау сияқты айқын миссия бар.
«Әркім не үшін жүгіріп келе жатқанын біледі. Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, бұл жүгірудің өз миссиясын орындайтынын көрсетеді. Тағы бір маңыздысы, ол елімізде де, жақын шетелде де ешбір басқа жүгіруді қайталамайды», - деп қорытындылады жаттықтырушы.
Айта кетейік, жаттығулар жүгіру басталғанға дейін жалғасады. Ол 10 тамыз күні таңғы сағат 7-де ЭКСПО аумағынан басталады. Жүгіру маршруты Ботаникалық бақ арқылы өтеді. Жүгіруге қатыспайтындар да осы ауқымды спорттық шараның бір бөлігі болып, оны насихаттауға үлес қоса алады – фестивальге келу арқылы. Бағдарламада: живая музыка, белсенділіктер, фудкорт, жәрмеңке, жүрек-өкпе реанимациясы бойынша оқыту және тағы басқа.
Қосымша сұрақтар бойынша:
8 702 139 09 08
Алина Әльбекова,
PR Heart Center Foundation
Ресми сайт: https://hcf.kz/ru/events/juregimnin-jenimpazy
Instagram: https://www.instagram.com/hcf.run/?hl=ru
Telegram: https://t.me/hcflife