Қаз
Лого VisitAstana
Астана өз медициналық мүмкіндіктерін Бейжіңдегі ірі көрмеде таныстырды 
21.11.2024

2024 жылдың 21 қарашасында Бейжіңде Қытайдағы медициналық туризм саласындағы ең ірі оқиға - 22-ші Бейжің халықаралық медициналық туризм көрмесінің (CMTF) ашылу салтанаты өтті.

Көрме Қытайдың халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр, оған 60-тан астам ел мен аймақтан 300-ге жуық медициналық мекемелер мен мамандандырылған орталықтар қатысуда.

Іс-шараны жетекші халықаралық ұйымдар, елшіліктер, туристік және медициналық бірлестіктер қолдап жатыр.

Көрмеде Қазақстанның медициналық туризміне ерекше көңіл бөлінуде. Астана қаласының іс-шараға қатысуы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен Қытайдағы қазақстандық туризм жылы шеңберіндегі ресми іс-шаралар жоспарының бір бөлігі болды.

Астанадан барған делегация елорданың денсаулық сақтау саласындағы жоғары әлеуетін көрсете отырып, қаланың жетекші медициналық мекемелерін таныстырды.

Қазақстандық делегация құрамында «Экомед Астана» клиникасы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы және «Air Astana» әуе компаниясы сияқты жетекші мекемелер бар.

Көрмеге қатысу Қазақстанның медициналық туризм саласындағы ұстанымын нығайтуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Көрме 2024 жылдың 23 қарашасына дейін жалғасады.