Қаз
Лого VisitAstana
Астанада «Бурабай» шипажайының 115 жылдығына арналған X мерейтойлық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум «Шипажай-2025» өтті.
07.08.2025

Іс-шараның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың құттықтау сөзімен басталды.

Өз сөзінде министр Қазақстанның табиғи, климаттық және ландшафтық ерекшеліктерінің арқасында сауықтыру саласында зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

«Санаторий-курорттық емдеу — денсаулық мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Бұл – азаматтарымыздың өмірінің ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер ететін көпқырлы іс-шаралар кешені», — деді ол.

Форум Қазақстан мен шетелдердің санаторий-курорттық саласының өкілдерін біріктірді. Мұнда санаторий басшылары мен бас дәрігерлері, реабилитациялық орталық мамандары, Қытай, Германия, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан делегациялары жиналды.

«Шипажай» форумы — курортология саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, озық технологияларды енгізуге және мамандар арасында тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы алаң.

Қанық бағдарлама аясында конференциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары және жаңа технологиялар көрмесі, соның ішінде қазақстандық әзірлемелер ұсынылды. Қатысушылар курортология, реабилитация, климатотерапия, медициналық жабдықтар, арнайы тамақтану және IT-шешімдер саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Шипажай-2025» мерейтойлық форумы саланың мамандары үшін негізгі коммуникациялық платформа ретіндегі маңыздылығын дәлелдеп, санаторий-курорттық жүйенің тиімді тәжірибелерін ілгерілету мен тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды кезең болды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1047424