2025 жылғы 10-17 ақпан аралығында Қазақстанда Халықаралық балалар ісігімен күрес күніне арналған ақпараттық апта өткізілуде. Акция аясында республика бойынша балалық шақтағы қатерлі ісік проблемасы туралы білімдерін арттыруға, науқастардың отбасыларына қолдау көрсетуге және әлеуметтік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Балалық шақтағы онкологиялық аурулармен күресу бойынша ақпараттық апта өткізудің басты мақсаты – педиатрлардың, бүкіл кәсіби медициналық қауымдастықтың, барлық мамандықтағы әлеуметтік жауапты азаматтардың балалар онкологиясы проблемалары бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, балалардағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу қажеттілігі туралы ескерту үшін күш-жігерді біріктіру.
Ерте диагностика үш компонентті қамтиды:
* Хабардар болу – ата-аналар мен мамандар ескерту белгілерін білуі керек
* Нақты диагностика – дер кезінде анықтау және аурудың сатысын анықтау
* Емдеуге қол жеткізу – терапияны шұғыл бастау.
ДДҰ деректері бойынша жыл сайын 20 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде 400 мыңнан астам қатерлі ісік ауруы анықталады. 100 мыңға жуық баланың сауығып кетуіне мүмкіндік жоқ.
Қазақстан Республикасында жыл сайын орта есеппен 600 балаға қатерлі ісік (МНҚ) алғаш рет диагноз қойылса, 2022 жылы 585 бала алғаш рет қатерлі ісікпен ауырған.
Негізгі терапия екі ірі республикалық медициналық орталықта жүргізіледі:
* «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.)
* «University Medical Center» корпоративтік қоры (Астана қ.)
Астанада онкологиялық дертке шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Елордалық медициналық орталықтарда қажетті төсек-орын саны орналастырылған, онда білікті мамандар – балалар онкологтары мен гематологтары жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы әкімдіктері мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астанада қалалардың орталық көшелерінде, LED-экрандарда, медиа тақталарда және медициналық ұйымдарда кеңінен ақпараттық науқан ұйымдастырылып, ерте диагностиканың маңыздылығына, заманауи емдеу әдістеріне және осы аурумен күресіп жүрген балаларға әлеуметтік қолдау көрсету қажеттілігіне бағытталған арнайы бейнероликтер көрсетілуде.
15 ақпан күні елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайындағы LED-экрандарда бейнеролик күні бойы көрсетіліп, қала тұрғындарының назарын аударады.
Қазақстан бұл жаһандық бастаманы белсенді түрде қолдайды және елордалық мамандардың адалдығы, олардың кәсіпке деген сүйіспеншілігі мен жоғары біліктілігінің арқасында Астана халықты ақпараттандыруға, медициналық технологияларды дамытуға және қоғам назарын мәселеге аударуға зор үлес қосуда. Дәрігерлердің, мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында балалардың толық болашаққа мүмкіндігі бар.
Дүние жүзіндегі балалардың дені сау болсын!