Қаз
Лого VisitAstana
Астанада «Медициналық Маркетинг» курсы өтті
11.06.2024
Астанада «Медициналық Маркетинг» курсы өтті
Астанада «Медициналық Маркетинг» курсы өтті
Астанада «Медициналық Маркетинг» курсы өтті
Астанада «Медициналық Маркетинг» курсы өтті
Астанада «Медициналық Маркетинг» курсы өтті

Медициналық туризм бағытын дамыту және елорданың қонақжайлылығын арттыру үшін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 31 мамырда халықаралық коучты тарта отырып, «Медициналық маркетинг» тақырыбында оқыту курсын ұйымдастырды.

Курстың басты мақсаты – қала клиникаларына медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ ішкі нарықта да, халықаралық нарықта да қала клиникаларының маркетингін дамыту мен ілгерілетуге жәрдемдесу болды.

Спикер ретінде халықаралық коуч – Александр Захаренко шақырылды.

Курста медициналық ұйымдар үшін өзекті PR-стратегиялар, пакеттік қызметтерді қалыптастыру, шетелдік пациенттерді тарту тәсілдері, пациенттердің пікірлерімен жұмыс, медициналық туризм бойынша практикалық кейстер талданды.

Іс-шараға Астана қаласының медициналық ұйымдарынан 100 адам қатысты: атап айтқанда PR және маркетинг, госпитальдық және мейірбикелік сервис мамандары, шетелдік пациенттермен жұмыс жөніндегі мамандар, халықаралық бөлімдердің қызметкерлері, сондай-ақ ғылыми жұмыс, жоспарлау және талдау жөніндегі қызметкерлер.

Қатысушылар теориялық білімді игеріп қана қоймай, оларды әр түрлі ойын тапсырмалары арқылы іс жүзінде қолдануға ерекше мүмкіндік алды, бұл оларға өз дағдыларын шоғырландыруға және жетілдіруге көмектесті.

Курс соңында барлық қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

В заключение, хочется подчеркнуть, что основным фактором успеха обучающего курса стали отзывчивость и готовность участников вносить свой вклад. Сегодня, не у каждой медицинской организации есть возможность пригласить международного эксперта, чтобы узнать секреты не только привлечения, но и удержания пациентов. 

Қорытындылай келе, оқу курсының сәттілігінің негізгі факторы қатысушылардың ықыластығы мен өз үлестерін қосуға дайындығы екенін атап өткіміз келеді. Бүгінгі таңда әрбір медициналық ұйымда пациенттерді тартудың ғана емес, ұстап қалудың да құпияларын білу үшін халықаралық сарапшыны шақыру мүмкіндігі жоқ.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, білім алмасуға және дамуға деген шынайы ұмтылыс кез-келген кедергілерді жеңе алады. Бірге оқып, тәжірибе алмасуды, қонақжайлылық пен қызмет көрсету саласын дамытуды жалғастырайық!