Астанада «Оңалту көмегінің көпсалалы және интеграцияланған тәсілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
12.02.2024
1/12

Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Оңалту көмегінің көпсалалы және интеграцияланған тәсілі» тақырыбында халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қолдаған іс-шараға түрлі медициналық орталықтардың өкілдері мен Fondation Hopale француз делегациясының өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты оңалту саласындағы, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар арасында, әртүрлі деңгейдегі ұйымдарда ғылыми-практикалық және сараптамалық тәжірибелерді талқылау болды. Іс-шара балалар мен ересектердің денсаулығын қорғау және медицина саласындағы озық тәжірибелер мен білім алмасу алаңына айналды.

Конференцияда неврологиялық физиотерапия, балалардағы ортопедиялық оңалту, жұлын жарақаттары, педиатриялық оңалту көмегі, медициналық оңалтудың курорттық факторлары, оңалтудың техникалық құралдарын пайдалану, Қазақстандағы медициналық оңалтудың қазіргі заманғы үрдістері, сондай-ақ мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының нәтижелері талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілген бұл конференция балаларға да, ересектерге де оңалту көмегінің ғылыми- практикалық саласындағы маңызды оқиға болып табылады. Айта кету керек, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ ISPRspr (Париж) жоғары психомоторлы оңалту институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мақсаты —- нейродаму бұзылыстары бар балалармен, неврологиялық бұзылулары бар және психикалық аурулары бар ересектермен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін психомоторлық терапияға үйрету».

Конференция соңында Hopale қоры (Франция) мен Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық балаларды
оңалту орталығы» КЕАҚ арасында одан әрі халықаралық ынтымақтастық
туралы келіссөздер жүргізілді.