Забегтің ұйымдастырушысы Juregimnin Jenimpazy, Heart Center Foundation қоғамдық қоры Ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығына 15 млн теңге көлемінде грант берді.
Жыл сайын өткізілетін Juregimnin Jenimpazy фестиваль-забегі биыл айтарлықтай кеңейді — қатысушылар саны 4,2 мыңнан 4,7 мыңға жетті. Әр қатысушы трансплантацияны күтетін науқастарға қолдау білдіру үшін өз қашықтығын 1 км, 3 км немесе 10 км-ге жүгірді.
Ресми деректер бойынша бүгінде 4 117 адамға жүрек, бүйрек, бауыр және өкпе трансплантациясы қажет. 3 мыңнан астамы бүйрек, 145-і жүрек трансплантациясын күтуде. Сонымен қатар жыл сайын 300-ден астам адам өз донорын күтіп үлгермей Күту тізімінен шығады.
"Біздің еліміз – Орталық Азияда трансплантация мен қайтыс болғаннан кейінгі донорлық дамыған жалғыз ел. Бұл – елдің даму деңгейінің көрсеткіштерінің бірі. Алғашқы жүрек трансплантациясынан бері тура 13 жыл өтті. Сол уақыттан бері операциялар саны айтарлықтай өсті. Juregimnin Jenimpazy жобасы қоғамда донорлық туралы түсінікті қалыптастыру үшін өткізіледі. Бұл оның маңызын айғақтайды", – деп атап өтті Қордың негізін қалаушы және UMC Басқарма төрағасы, доктор Юрий Пя.
Қазақстанның танымал кардиохирургы, 2012 жылы елде алғашқы жүрек трансплантациясын жасаған және оның басшылығымен қазақстандық кардиохирургтер 104 трансплантация жүргізген, UMC Жүрек орталығының командасымен бірге 1 км қашықтықты жүгіріп өтті.
Елдің түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер мен белсенді азаматтармен қатар, трансплантациядан өткен және бүгінде спортпен белсенді айналысып жүрген реципиенттер де қатысушылар қатарында болды.
Забегтің бастамашысы және ұйымдастырушысы – кардиохирургия мен трансплантологияны дамытуға бағытталған Heart Center Foundation қоғамдық қоры.
Қоғамдық қордың директоры Мұрат Зауыровтың айтуынша, забегтің бас серіктесінен және қатысушылардың тіркелуінен түскен қаражат өткен жылғыдай Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығына жіберіліп, ішінара Қордың білім беру және ағартушылық жобаларына жұмсалады.
Қордың қызметімен толығырақ мына сайттан танысуға болады www.hcf.kz
"Біз забегті жыл сайын өткіземіз және қоғамның бұл бастамаға үн қосып, трансплантологияны дамытудың маңызын түсінетінін көреміз. Биыл былтырғыдан 500 адамға артық жүгірді. Біздің міндетіміз осы тақырып бойынша ақпараттық вакуумды жою болды. Онымен сәтті күрестік деп есептеймін. Сонымен қатар, Ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Қор Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығына 15 млн теңге көлемінде грант берді", – деп ол забег нәтижесін түйіндеді.
Айта кетейік, забегке дайындық шараның өзінен әлдеқайда бұрын басталған. Екі ай бойы Ботаникалық бақтағы "Сый" инсталляциясы жанында ағза донорларын еске алу үшін тегін жаттығулар өткізілді, оған шамамен 1 мың адам қатысты. Әр жаттығуды забег серіктестері ерекше етті, ірі сыйлықтар ойнатылды. Қатысушылар өз қашықтығын еңсерген соң да жүлделер ұтысына қатысты.
Жалпы, забегті шағын және ірі бизнес, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер қолдады. Забегтің бас демеушісі Home Credit Bank болды.
"Біз банк командасымен осы маңызды бастаманың бір бөлігі болғанымызға мақтанамыз. Адамдарға ағза донорлығы мен трансплантация мүмкіндігі туралы ақпарат беру керек. Күту тізімінде тұрғандар үшін бұл өмірлік маңызды. Біз өзіміз командамен осы забегті өмір үшін және әлеуметтік жауапкершілігіміз үшін жүгіріп өттік", – деп пікір білдірді HCB PR&ESG басшысы Гаухар Керімова.
Айта кетсек, забег 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашында оған 60 адам қатысқан веложабық форматынан басталған. Бүгінде бұл – мемлекеттік сектор, жеке бизнес және белсенді қазақстандықтар қолдайтын маңызды әлеуметтік миссиясы бар ауқымды қозғалыс.
Қосымша ақпарат үшін - 8 702 139 09 08, pr@hcf.kz, Алина Әльбекова, PR-менеджер