Қаз
Лого VisitAstana
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
01.08.2025
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ КҮТІП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮГІРУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ

Медицинаның дамуына қарамастан, трансплантология тақырыбы Қазақстан үшін әлі де өзекті болып отыр. Республикалық үйлестіру және трансплантация орталығының мәліметінше, қазіргі таңда Күту тізімінде 4 117 адам бар, оның ішінде 96 бала. 3,7 мыңнан астам науқасқа бүйрек трансплантациясы қажет, 342 адам бауыр мен жүрек трансплантациясын күтуде, шамамен 30 адам өкпе трансплантациясына мұқтаж.

Осы маңызды мәселеге қоғамның назарын аудару және науқастарды өмір үшін күресте қолдау мақсатында Астанада 2018 жылдан бері Jüregımnıñ Jenımpazy атты жүгіру-фестивалі өткізіліп келеді. Алғашқы веложүгіруге барлығы 60 адам қатысқан болса, биыл стартқа 5 мыңға жуық қатысушы шығады: дәрігерлер, донорлардың отбасылары, трансплантациядан өткен және күтіп жүрген науқастар, бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, елорда тұрғындары және алдыңғы жылдардағы белсенді қатысушылар. 1, 3 және 10 км қашықтыққа дайындық жаттығулары Ботаникалық бақта басталып кетті және 10 тамызға дейін ашық форматта жалғасады.

Алғашқы тіркелушілер мен жаттығуға қатысушылардың арасында реципиенттер де бар: жаңа бүйрек алған Анар Шаймергенова және екі жылға жетпей бауыр трансплантациясын сәтті өткерген Андрей Шелестюк. Бүгінде 44 жастағы ер адам 24 км қашықтықты бағындырып, 51 км кросс-жүгіруге дайындалуда. 

«Мен ешқашан спортпен айналыспағанмын. Операция мен оңалтудан кейін дәрігерлер көп жүруді ұсынды. Солай бастадым, кейін біртіндеп жүгіріске көштім. Қазір «Die hard» қағидасы бойынша жаттығамын — яғни, мүмкіндігімнің шегінде. Негізінен ұзақ қашықтықтарға назар аударамын. Әр жексенбі сайын 20 шақырым жүгіріп тұрамын, бір де бір жаттығуды өткізіп алмаймын. Көптеген жарыстарға қатысамын, бірақ Jüregımnıñ Jenımpazy мен үшін ең маңыздысы. Мұнда спорттық рекорд үшін емес, тірі екеніңді және бұл күресте жеңіп шыққаныңды өзіңе еске салу үшін жүгіресің. Бұл жүгіру трансплантацияны күтіп жүрген адамдарға моральдық күш береді. Көпшілік олардың қандай қиын жағдайда өмір сүретінін түсіне бермейді. Менің ойымша, жыл сайын қатысушылар саны арта түседі. Өткен жылы мен ең ұзақ 10 км қашықтықты жүгіріп өттім, биыл да соны қайталағым келеді», – дейді Андрей Шелестюк.

Бүйрек реципиенті және «Heart Center Foundation» Қоғамдық қорының елшісі Анар Шаймергенова да жүгірудің белсенді қатысушысы. Өткен жылы ол 1 км қашықтықты бағындырған.

«Бұл қашықтықтағы әрбір қадам мен үшін өзім өткерген сынақтарды еске салады. Процедураларға тәуелді болу мен үмітпен өмір сүрудің қандай екенін жақсы білемін. Бірақ қолдаудың қаншалықты маңызды екенін де білемін. Бұл жүгіру — сенетіндер, күресетіндер және жанындағылар туралы. Егер менің қадамым біреуге үміт сыйласа, демек мен босқа жүгіріп жатқан жоқпын», – деп атап өтті ол.

Қор директорының айтуынша, соңғы 8 жыл бойы Jüregımnıñ Jenımpazy шарасын ұйымдастырып келе жатқан команда үшін әрбір қатысушы ерекше маңызға ие.

«Бұл жай ғана жүгіру емес. Бұл спорт шеңберінен шығатын ауқымды жыл сайынғы оқиға. Оның басты миссиясы — науқастарды қолдау және қоғамның назарын трансплантология тақырыбына аудару. Стартқа шыққан әр адам біз жылдар бойы қалыптастырып келе жатқан коммуникацияның бір бөлігіне айналады. Жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп келе жатқаны оның тиімділігін дәлелдейді. Бұл жоба елімізде трансплантологияны дамыту қажеттігі туралы диалогтың толыққанды әрі пәрменді құралына айналды», — деді Мурат Зауыров.

Айта кетсек, Jüregımnıñ Jenımpazy — Қордың негізгі жобаларының бірі. Қордың басты қызметі Қазақстанда кардиохирургия, кардиология және трансплантология салаларын дамытуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс ағартушылық және білім беру жобалары, дәрігерлердің кәсіби дамуы мен ғылыми бастамаларды қолдау арқылы жүзеге асырылады.

Трансплантология саласындағы Қордың ең ірі жетістіктерінің бірі — ALEM атты бірегей жүйені әзірлеу болды. Ол Мемлекет басшысына таныстырылып, Жапонияның Осака қаласында өтетін Expo 2025 дүниежүзілік көрмесінде көрсетілетін болады.

Анықтама:
Jüregımnıñ Jenımpazy («Сен – менің жүрегімнің чемпионы!» деген мағына береді) жүгіру шарасы 10 тамыз күні Астанадағы EXPO аумағында өтеді. Старт уақыты — таңғы 7:00. Қатысушы ретінде тіркеліп, өз қашықтығыңды таңдау үшін ұйымдастырушының сайтына өтуге болады: hcf.kz/ru/events/juregimnin-jenimpazy.

Дайындық жаттығулары Астанадағы Ботаникалық бақта («Дар» ескерткіші маңында) әр жұма күні сағат 6:30 және сенбі күні сағат 8:30 өткізіледі.

Биылғы жылы жүгірудің бас демеушісі — Home Credit Bank Kazakhstan.

Қосымша ақпарат үшін:
8 702 139 09 08
Алина Альбекова, PR менеджері, Heart Center Foundation

Instagram: @hcf.run
Telegram: t.me/hcflife