Қаз
Лого VisitAstana
Қазақстан және Қытай: туризмнің жаңа перспективалары
26.08.2024

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Төраға Цао Ивей бастаған Beijing Leader International Tourism Group Co. Ltd. компаниясының делегациясымен кездесу өтті.

Kazakh Tourism және Beijing Leader International Tourism Group Co. Ltd. арасындағы келіссөздер барысында ынтымақтастықты нығайтуға және Қытайдан Қазақстанға туристік ағымды арттыруға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының президенті Кристина Кривец қатысты. Келіссөздер бірлескен ақпараттық турларды, B2B кездесулерді өткізуді, екі елдің көрмелеріне қатысуды, сондай-ақ медициналық және сауықтыру туризмін және санаторий-курорттық қызметті дамытуды қоса алғанда, тығыз өзара байланыс орнату туралы уағдаластықпен аяқталды.

Бұл бастамалар Қазақстанның Қытайдағы туристік бағыт ретінде танылуын арттырып қана қоймай, туризм саласындағы екіжақты алмасулар мен бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Ақпарат көзі: «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.