Қазақстанда медициналық туризм белсенді дамып келеді. Жыл басынан бері республикаға үш мың адам емделуге келген. Бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп.
Қазақстанда ота жасау үшін шетелдіктер арнайы медициналық ваучер сатып алады. Олардың қатарында емхана мен дәрігерді таңдау, сынақтар бойынша онлайн кеңес беру, трансфер және қонақүйде тұру кіреді. Операция қарапайым болса, науқасқа қала бойынша экскурсиялар жасалып, жергілікті дәстүрлермен таныстырылады.
Кристина Кривец, Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының президенті:
«Былтыр бес мыңнан астам турист келген. Биыл біз нақты қанша екенін айта алмаймыз, бірақ өткен алты аймен салыстырғанда өсім байқалуда. Бізге де әлемде болып жатқан барлық нәрсе әсер етеді. Ал бұған дейін кейбір елдер бізден танымал болса, қазір Қазақстан аренаға шығып жатыр, ол алдыңғы қатарда».
Адамдар Қазақстанға негізінен көрші елдерден емделуге келеді. Германиядан, АҚШ-тан, Израильден, Әмірліктерден және Швейцариядан науқастардың легі біртіндеп артып келеді. Медициналық туризмнің ең танымал бағыттары нейро- және кардиохирургия, перинаталдық медицина, неврология және стоматология болып табылады.