UMC Жүрек орталығының зерттеуші дәрігерлер тобы Юрий Пя басқаруымен Expo 2025 Дүниежүзілік көрмесінде «ALEM» бірегей жүйесін таныстырды. Көрме Жапонияның Осака қаласында 13 сәуірден 13 қазанға дейін өтеді. Донорлық жүректі сақтау және тасымалдауға арналған бұл әзірлеме «Heart Center Foundation» Қоғамдық қорының қатысуымен жасалған.
ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) құрылғысы — донорлық органдардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық шешім. Бұл әсіресе Қазақстан сияқты үлкен аумақты елдер үшін маңызды, себебі трансплантологиядағы негізгі міндеттердің бірі — органдарды уақытылы жеткізу. Дәстүрлі әдісте орган тек 4–6 сағат сақталса, ALEM технологиясы ағзадағы жағдайларға жақын жағдайларды қайта жасайды: температураны қолдайды, қанды оттегімен қанықтырады және өмірлік маңызды көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде бақылайды.
«Бізде қиын жағдай болды — ауа райының қолайсыздығынан донорлық жүректі уақытында ала алмадық. Сол кезде Қазақстанға қолжетімді, бағасы тиімді, мүмкіндігі барынша жоғары жүйені жасау идеясы туындады», - деп еске алады жоба жетекшісі және UMC Басқарма төрағасы Юрий Пя.
Сындарлы кезеңде туындаған идея құрылғы түрінде жүзеге асырылды, ол жануарлардағы доклиникалық зерттеулер нәтижесінде өз тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті. Танымал кардиохирургтың айтуынша, қажет болған жағдайда осы құрылғыда донорлық органдарды сақтау ғана емес, емдеу де мүмкін, бұл трансплантация нәтижесін жақсартуға және донорлық орган қажет ететін адамдар санына мүмкіндік береді.
«Мен хирург ретінде айта аламын, бір адам ештеңе жасай алмайды. Қазіргі таңда командалық жұмыс маңызды. Негізгі нәтиже соларға байланысты. Біздің жобамызда көптеген адамдардың физикалық, интеллектуалдық және уақыттық күш-жігері жатыр. Әрине, қаржылық қолдау болмаған жағдайда бұл мүмкін болмас еді. «Heart Center Foundation» Қоғамдық қоры болмаса, жобамыздың болуы мүмкін емес еді», - деп қосты Юрий Пя.
Медициналық жүйені әзірлеуге инженерлер мен дәрігерлер – кардиохирургтар, перфузиологтар, анестезиолог-реаниматологтар, морфологтар, мейірбике ісі мамандары, лаборанттар және басқа да UMC Жүрек орталығы қызметкерлері қатысқан. «Идеядан» құрылғы жасауға дейінгі жол бірнеше жылға созылды, келесі кезең — ALEM жүйесін клиникалық сынақтан өткізу.
Потенциалды түрде мыңдаған өмірді сақтай алатын құрылғы Expo 2025 Дүниежүзілік көрмесінде халықаралық аудиторияға таныстырылды. Биылғы көрменің негізгі тақырыбы — «Designing Future Society for Our Lives» («Болашақ қоғамын біздің өміріміз үшін жобалау»). ALEM Қазақстан павильонының «Connecting Lives» («Өмірді біріктіру») аймағында ұсынылған. ALEM Expo 2025 көрмесіне қатысу серіктестердің қолдауымен мүмкін болды.
«Бұл өнімді серпінді жетістік деп атауға болады. Ол жаңалық емес, себебі технология бұрыннан белгілі, бірақ оны практикада, доклиникалық сынақ кезеңінде, тіпті тәулік бойы сақтау — медицинадағы үлкен жетістік. Маңыздысы, ALEM жүйесінде органды сақтау ғана емес, оны сыртта емдеу де мүмкін болады», - деп атап өтті жобаның авторларының бірі, UMC Жүрек орталығы Клиникалық академиялық кардиохирургия департаментінің директоры Тимур Лесбеков.
Expo 2025 көрмесіне қатысу — трансплантология дамуының маңыздылығын жеткізуге, кәсіби қауымдастықты ортақ мақсатқа біріктіруге және Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік. «Heart Center Foundation» Қоғамдық қоры инновацияларды қолдау, озық технологияларды дамыту, білім беру және ағарту жобаларын жүзеге асыру арқылы осындай пікірді қолдайды.
«Қазақстан үшін бұл тарихи сәт. Мұндай деңгейдегі халықаралық көрмеде біз алғаш рет ауқымды медициналық жобаны — ALEM-ді ұсынып отырмыз, ол әлемде трансплантология мүмкіндіктерін кеңейтеді, инновациялардың маңыздылығына назар аударады, дәрігерлерді, ғалымдар мен инженерлерді біріктіреді және өмірді сақтауға жаңа шешімдер іздеуге ынталандырады. Біздің басты мақсатымыз тек әзірлемені көрсету емес, ғаламдық технологиялық және медициналық прогресстің бір бөлігі болу», - деп толықтырды Мурат Зауыров.
Зерттеушілердің айтуынша, ALEM сияқты технологиялар дәстүрлі клиникалық шешімдердің аясынан шығып, мүмкіндіктер мен мүмкін еместікті бөлетін шекараны жояды, медициналық ғылым үшін жаңа көкжиектер ашады және озық технологияларды қажет ететін адамдар үшін қолжетімді етеді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/976325?lang=ru