Қаз
Лого VisitAstana
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БРИТАНИЯ ЕЛШІСІ КЭТРИН ЛИЧПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
11.08.2025

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен кездесу өткізді.

Кездесу ханым Личтің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты өтті.

Кездесу барысында Т. Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін елшіге шынайы алғысын білдірді.

Екі ел арасындағы тұрақты байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, ол ханым Лич қызмет атқарған кезеңде жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамалар мен ғылыми-зерттеу жобаларының табысты орындалғанын жеткізді.

Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылап, басталған бастамаларды жалғастыру және денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

Арнайы назар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды реттеу мәселелеріне аударылды.

Кездесу барысында Қазақстан медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, медициналық ұйымдарды жаңғырту мен жабдықтауға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға, тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған инвестициялар мен инновацияларды тартуға мүдделі екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында қазақстандық тарап 2026 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы денсаулық сақтау саласында ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кэтрин Личтің денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық-британдық ынтымақтастықты дамытуға қосқан жеке үлесін атап өтіп, бірінші вице-министр дипломатқа «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1048818