5-6 шілдеде Астанада алғаш рет салауатты болашақ туралы «Capital Health» ұлттық форумы өтті, бұл форум азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырудағы маңызды қадам болды. Қазақстанда әрбір оныншы адам артық салмақтан зардап шегеді, ал балалар арасында семіздіктің таралуы бойынша біз АҚШ-ты қуып жеттік. Қазақ тамақтану академиясының зерттеулеріне сәйкес, артық дене салмағы елдегі ересек халықтың 50%-да және балалардың 15%-да байқалады. Негізгі себеп – физикалық белсенділіктің төмендігі. Бұл ретте адамдардың денсаулығы 52%-ға белсенді өмір салтына, ал тек 42%-ға медициналық қызметке байланысты.
Осылайша, форум спорт пен салауатты өмір салтын қолдау, қалаларда спорттық инфрақұрылымдар құру, корпоративтік спортты дамыту және салауатты ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі стратегиялар мен іс-шараларды талқылауға арналған платформаға айналды. Аталған іс-шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров, сондай-ақ белгілі дәрігер-кардиохирург, «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Пя Юрий Влдаимирович, қазақстандық палуан, Гиннес кітабының рекордсмені Сергей Цырульников және басқа да көптеген танымал спорт және денсаулық сақтау мамандары қатысты.
Форум барысында еліміздегі салауатты қоғамды қалыптастырудағы корпоративтік мәдениеттің рөліне және әрбір адам үшін салауатты өмір салтының қолжетімділігіне байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараның ақпараттық серіктестерінің бірі қаламен танысуға арналған платформа болып табылатын және елорда тұрғындары мен қонақтарына ақпарат беретін «Visit Astana» бренді болды. Бұл сайтта туристік орындар, мейрамханалар және мәдени іс-шаралар туралы пайдалы ақпаратты табуға болады. Visit Astana елордадағы форумға қатысушылар мен қонақтарды бағдарлауға көмектесіп қана қоймай, қаланың әртүрлілігі мен қонақжайлылығын зерттеуге шабыттандырады.
Өткен форум туралы толығырақ фото және видео материалдар іс шараның ресми сайттарында қолжетімді:
https://www.instagram.com/capital_health_/