Лого Astana Лого VisitAstana
UMC балалар онкологиясы мен гематологиясы бойынша қауырт желі іске қосты
15.07.2024

Бұл пациенттерге қолдау көрсетуді жақсартуға және онкологияға шалдыққан балаларға тиімді көмек көрсетуге бағытталған.

Қауырт желі жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін +7 (775) 007 84 91 телефоны бойынша жұмыс істейді.

Осы нөмір бойынша балалар онкологиялық және гематологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға, сондай-ақ емдеуден және қолдаудан бас тарту жағдайлары туралы хабарлай алады. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында әрбір өтініш мұқият қаралады.

Ескерте кетейік, телефон арқылы диагнозды тексеру немесе емдеу тағайындау бойынша кеңес алу мүмкін емес. Балалар онкологы мен гематологының кеңесін алу үшін Контакт орталыққа хабарласу қажет: +7 (775) 007 50 20, +7 (775) 007 15 20.