Әр жыл сайын, 2002 жылдан бері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен 1 наурыз — Дүниежүзілік иммунитет күні болып белгіленген.
Көктемнің бірінші күні кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі дәл көктемнің басында иммундық жүйенің әлсіреуінен туындайтын мәселелер айқын көрінеді.


